Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «№5 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын іске асыру мақсатында 2003 жылдың сәуір айында аудандық білім бөлімінің жанынан психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті (ППТК) ашылды. ППТК арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық - педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
Кабинеттің мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп - оқыту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.
Психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі болып «Кәсіптік - техникалық білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған, «Тәуелсіздіктің он жылдық» медалінің иегері ауданның Құрметті азаматы Жармухамбетов Қадырбай тағайындалды. Түзеу кабинетін ашқан Жармухамбетов Қадырбай кабинет меңгерушісі болып 2010 жылға дейін басшылық жасады.
2010 жылдан бастап түзеу кабинетінің меңгерушісі болып жоғарғы санатты психолог, дефектолог Кажимгалиева Клара Өмірзаққызы жұмыс жасап келеді. Жыл сайын облыстық Психологиялық медиіциналық педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысымен 0 - 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар көру, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек - қимыл аппараты қызметінің бұзылыстары, зерде бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген эмоциялық ерік әрекетінде және мінез құлқында бұзылыстары бар балалар жіберіліп, олармен түзету жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.
Түзеу кабинетіне ашылған жылы 15 баламен бастаған болса, қазіргі таңда 2023 жылы 162 бала облыстық ПМПК қорытындысымен түзету алуда.
Осы жылдар аралығында кабинетте 980 балаға түзете - оңалту жұмыстары көрсетілді. Бала санының көбеюіне байланысты жаңа штаттар берілді.Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің материалдық техникалық базасы жыл сайын нығаюда.Соңғы жылдары кабинеттер саны да көбейіп, Монтессорий және сенсорлық кабинеттер ашылды.
Мекемеде 2 - логопед бөлмесі, 2 - Монтессорий бөлмесі, 1 - Сенсорлық бөлме,1 - ЛФК бөлмесі,1 - Тәрбиеші бөлмесі,1 - дәрігер бөлмесі,1 - әдістемелік бөлме, 1 - ырғақ бөлмесімен жабдықталған.
«№5 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымы
Кабинетте 4 логопед, 4 дефектолог, 2 психолог, 1 әдіскер, 1әлеуметтік педагог, 1 емдік дене жаттықтырушы, 1 ырғақ бойынша педагог,1 мейірбике массажист,1 тәрбиеші штатымен қамтылған .
Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінде әдіскер Жармухамбетова Сандуғаш, логопед мұғалімдер Қарабалаева Тілекші, Сарина Мөлдір, Салауатова Элеонора, дефектолог мұғалім Кажимгалиева Клара, Дауғалиева Үміт, Ғизатова Ардақ, ,әлеуметтік мұғалім Қартжанова Гульназ, психолог Альжанова Бибінұр, Пшенбаева Жұмағыз, ырғақ бойынша педагог Мендіғазиева Үміт, дәрігер Умталиева Шынар, тәрбиеші Сабитова Нәсіп, емдік жаттықтырушысы Ержанова Зухра, Шапағат Әділжан есепші Казиева Елена, тіркеуші Мағзом Жаңылсын, техникалық қызметкерлер Мұқанова Жанар, Жұбатханов Жасөмір ерекше білімді қажет ететін балалардың жағдайын жасау үшін еңбектеніп келеді.
Кабинеттің барлық қызметкерлері тағдыр талқысына түскен балалардың жағдайын ескере отырып, олардың бойындағы кемістіктерін азайтып,мүмкін болса толық түзетудің шарасын ала отырып, олардың бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту жолында жұмыстанады.
Барлық мамандар күнделікті жүргізілетін түзету сабақтарымен қатар, түзету ашық сабақтарды, тәрбие сағатын, мерекелік шараларды өткізіп, ата - аналармен жұмыстар жүргізеді.
Психологтар Альжанова Б мен Пшенбаева Ж дайындаған балалар «Біз таланттарды анықтаймыз» байқауында ауданнан, облыстан «Ақылды балапан» қойылымымен Бас жүлде,
https://kurmangazy-kppk.kz/kz/2021-10-19-11-33-44#sigFreeId261dba7dcf
Республикадан 1 - орын алды.Би және оркестр, вокал номинациясы бойынша ырғақ бойынша педагог Мендіғазиева Үміт дайындаған балалар облыстан 2 - 3 орынмен, Ертегілер әлемінен «Үздік декламатор» номинациясынан Салауатова Элеонора дайындаған балалар 3 орынмен марапатталды Кабинет мамандары бірнеше жыл қатарынан «Жұлдыз - ай» сайысында ауданнан, облыстан жүлделі орын алуда.
https://kurmangazy-kppk.kz/kz/2021-10-19-11-33-44#sigFreeId4e549254e8
2021 жылы кабинетіміздің дефектологы Сарина Мөлдір Лайыққызы Республикадан «Үздік - дефектолог - 2021» медалімен марапатталды
Жыл сайын түзеу кабинетінің қызметкерлері педагогикалық оқуларға әртүрлі байқау,сайыстарға қатысып ауданнан, облыстан жүлдеді орындар алды: Педагогикалық оқудан Кажимгалиева Клара ауданнан, облыстан 1 - орын, логопед Қарабалаева Тілекші ауданнан 1 - орын, облыстан 3 - орын жүлделі орын алса, «Жыл - дефектологы» - байқауында психолог Альжанова Б екі жыл қатарынан облыстан 2 - орынды иеленді.
«Арнайы білім беру ұйымдарының таланттары» атты білім беру ұйымдарының арасында ұйымдастырылған көркемөнерпаздар байқауында ұжымымыз облыстан 2 - орын алды.
https://kurmangazy-kppk.kz/kz/2021-10-19-11-33-44#sigFreeId65c71ec0ca
Мамандар үнемі өз тәжірибелерін республика, облыстық көлемде таратып, баспасөзге түрлі сайттарға материалдарын жариялап отырады. Жыл сайын олар өз білімдерін жетілдіріп аудандық, облыстық конференция, секция жұмыстарында шебер сыныптар көрсетіп, тәжірибе алмасады.Ұжым мүшелерінің тер төккен еңбегінің нәтижесі жемісін беріп келеді. Жыл сайын облыстық ПМПК кешенді тексеріске келгенде 20 - 26 балаға дейін түзеліп, жалпы мектепке ауыстырылып отыруда.
Қорыта айтқанда, арнайы білім беру мекемелерінің түзету жұмыстарын тиімді етуге бағытталған толассыз іс - әрекет ең құндысы болмақ, ал осы ауыр әрі қиын еңбекпен айналысатындардың педагогикалық іс - тәжірибесіндегі құндысы - өз ісіне қалтқысыз берілгендік, балаға деген сүйіспеншілік, қоғам алдындағы жауапкершілік.
Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен түбегейлі жұмыс жүргізу алдағы уақытта да өз жемісін беретіні сөзсіз.
Психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Кажимгалиева Клара Өмірзаққызы


