№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ішкі талдау КППК 5 | ![]() |
2 | хабарлама | ![]() |
Жемқорлыққа жол жоқ!!!
Елдің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі - сыбайлас жемқорлықты жеңу.
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс - әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Алайда, халық парақорлық дертімен жиі кездеседі. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Атырау облысы Білім беру Басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «№5 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс шаралары өткізілді. Кабинеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты тұлға С.Жармухамбетова кабинет мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамала талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.